Қамысқалада сайлау ұйымшылдықпен өтуде

Х.Ерғалиев ауылы,Қамысқала ауылдық округіне қарасты №128,129  учаскелелері бар. Аталмыш сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00- де өз жұмыстарын бастады.


№128 сайлау учаскесі Жалпы білім беретін Ғ.Мәсәлімов орта мектебі ғимаратында орналасқан. 
 Сайлау алдымен  Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды.  Кейін сайлау комессия төрағасы жиналғандарға салтанатты түрде дауыс берудің басталғанын жария етті. 

- 2023 жылдың 5 қараша күні Исатай ауданы әкімін сайлауы №128 сайлау учаскесі Х.Ерғалиев ауылы Жалпы білім беретін Ғ.Мәсәлімов орта мектебі ғимаратында орналасқан сайлау учаскесі  сайлауға толықтай дайын,-деді  Парух Қабиев.

 Екінші №129 учаскелік те өз жұмыстарын уақытында бастап кеткен еді. 

№129 сайлау учаскесі жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің ғимаратында орналасқан. 
Мұнда 1063 дауыс беруші тіркелген. 
Аталған учаскеде ертемен келіп алғаш дауыс берген зейнеткер  Казим Бимуханов ағай. Ерте келген дауыс берушіге сайлау комиссиясының төрағасы  Құрманғали  Нәубетов естелік сыйлық табыстады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521