Қамысқалада «Жақсы келін-ырысың» атты жас келіндермен кездесу кеші өтті

Қамысқала ауылында   «Жақсы келін-ырысың» атты жас келіндермен кездесу кеші өтті.Кездесу барысында қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, бала тәрбиесі, қонақ күту, табақ тарту жөнінде әңгіме өрбіді.

Онымен қоса шаңырақтың шайқалмауы, отбасының айрандай ұйып отыруы, береке мен бірліктің кең өріс алуы отбасындағы әйел адамдарға тікелей байланысты екендігі туралы да әңгіме қозғалып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. 

-Пікір алмасу кеші өте жоғары деңгейде өтті. Жас келіндерімізді арнайы осы пікір сайысқа шақырған уақытта ауа райының қолайсыздығына қарамастан барлығы келісіп, қатысып белсенділік танытқан болатын. Бір-бірімен танысып, білмеген дүниелерін сұрап, кері байланыс орнатып, өздерінің ойларын ортаға салған еді. Үлкенді сыйлау, кішіпейілдік мақсатында келіндеріміз салем салу үлгісін көрсетіп, қазақы дәстүрдің шырайын аша түсті. Арқа-жарқа әңгімелерін өрбітіп осы кешті әдемі өткізуіне атсалысты. Алдағы уақытта да осындай көңілді кештер өзкізуге тырысамыз,-деді  Қамысқала ауылдық мәдениет үйінің директоры Жібек Мұхтарова.

«Сыйлай білсең сыйысасың іні боп, Кінәласаң әкеңнің де міні көп» деп ақын Имашқан Байбатырұлы айтқандай, атасын әкесіндей, енесін анасындай жылы, ыстық ықылас, адал көңілмен, нақ шын беріліп, құрақ ұшып иіліп тұрған келінді кім жек көреді. Қолға қонған балапан құстай жас келіннің келген жеріне деген ниетін таныған ене де, ыстық ықылас аналық мейіріммен табалдырық аттаған күннен бастап, мәпелеп жастығына жанашырлықпен қамқорлық жасап, білмегенін білгізіп, әр нәрсенің мән-жайын түсіндіріп, алға жетелеп отырады.

Кездесу кешінің тізгіні Қамысқала ауылдық кітапхана меңгерушісі Айгүл Ахатовада болды. Жас келіндермен пікір алмасып, сұрақ-жауап арқылы ойларын тыңдап, түрлі  ойындар ұйымдастырып, жас келіндерге өз ақыл-кеңестерін берген еді. Мәнді де тағылымға толы кеш қатысушыларға ерекше әсер етті.

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасын бірлесіп бірге күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы құрайды. Ал жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде.  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.

Кеш соңында мәдениет үйінің директоры Ж.Мұхтарова жас келіндерге алғыс білдіріп,отбасыларына амандық саулық тіледі.

                                                       

                                                                                                                                                   Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521