Қамысқалада "Жастар ел дамуының болашағы" атты облыстық семинар өтті

0 votes

Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік мекеменің әлеуметтік тапсырысы аясында облыстық "Janyndamyn" қоғамдық қорының қолдауымен, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қамысқала ауылында "Жастар - ел дамуының болашағы" атты облыстық семинар өтті.

 Семинарға Атырау қаласы мен басқа да аудан жастары және де ауыл белсенділері, сала мамандары, дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері белсене қатысты. 

Осы іс-шараның барысында мемлекеттік жастар саясаты жөнінде кеңінен ақпараттар беріліп, облыс бойынша тікелей жастардың қатысумен жүріп жатқан жұмыс барысы туралы әңгіме өрбіп, басты мәселе нашақорлық, лудомания секілді теріс іс-әрекетке тәуелділіктің алдын алу бағытында сөз қозғалды.

 

Іс-шараның алғы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан кеш меймандарына жылы лебізін білдіріп, аталмыш семинардың маңыздылығына тоқталды.

Келесі кезекте "Жаңа уақыт" қоғамдық қорының жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева қоғам ортасындағы өзекті тақырыптар аясында әңгіме өрбітті.

 

– Жалпы Исатай ауданы өзге облыс, аудандарға қарағанда нашақорлық, есірткі сияқты теріс қылықтарымен тіркелген адам саны жоқ, ондай қылмыстық деректер биыл тіркелген емес. Бірақ, бұл біздің ауданда жоқ екен деп бей-жай қарап отыра беруге болмайды. Барынша, қай-қай істің де алдын алған дұрыс-ақ. Аудан әкімдігінің ресми ақпаратына сүйенсек, ауданда 800 мыңнан астам жастар бар екен. Қазіргі жасөспірімдер өте еліктегіш.Сондықтан, оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жағымсыз, жат қылықтардан аулақ ұстауымыз тиісті.Себебі неде, бүгінгі оқушы, жасөспірімдер арасында қисынсыз жағдайлар көптеп кездеседі.Құрығын құрған айлакер қазіргі уақытта телеграмм желісі арқылы балалармен байланысып, түрлі қызықты тапсырма беру арқылы санасын улайды.Бұл таңғалатын жағдай емес.Қазіргі таңда кәмелет жасқа толмай, есірткі тасымалдаған жасөспірімдер уақытша қамауға алынған.Сондықтан, ата-аналар бала өміріне немқұрайлы қарамаған жөн.Түнгі уақытта көшеге шықпауын қадалаған дұрыс.Осы тұста, бүгін осындай әдемі іс-шараны өткізуіне мұрындық болып, облыстан арнайы спикерлер шақырып, өткізіп жатқан аудан әкімдігі мен бөлім басшыларына рахмет айтамыз.

Біз былтыр студенттер мен оқушыларға арасында ақпарат таратып, біраз жұмыстандық . Биыл ата – аналарға көп мән беріп жатырмыз. Өйткені "тәрбие-тал бесіктен" дегендей бәрі де үйден басталады. Сондықтан, осындай жиындарға келіп, ересектер қауымына да өз білгенімізді айтуды жөн санадық, - дейді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, спикерлер жастар арасында ең өзекті мәселелерді кеңінен талдап, қоғам белсендісі ретінде, осы күнге дейін олармен жиі жұмыс жасап жүргендігін тілге тиек етті.Бұл кездесуде нашақорлық, есірткі тақырыбы бойынша Назымгүл Қайсағалиева, лудомания тақырыбы бойынша Талғат Ағисов, сонымен қатар, Даурен Сейткалиев пен Мәнсия Сағидоллаева жастарға мотивация ретінде түрлі мысал келтіріп, сол тақырып шеңберінде сөз қозғап, көпшілікті таңғалдырды.Тіпті, құмар ойының жолында 12 жылын құрбан еткен кейіпкер келді.Өзінің осындай іс-әрекетінің кесірі әлі күнге дейін бетіне қара таңба болған.Бірақ, бұл кейіпкеріміз өмірдің жаңа парағын ашып, қоғамның дертіне айналған кеселден біржолата құтылғанын ашық айтты.Көбісі таңдай қағысып, бас шайқады.Әйтсе де, қазіргі таңда құмар ойының жетегіне түсіп, адасып жүрген азаматтар қаншама. 

Осылайша, түрлі ақпарат алмасып, тәжірибесін бөліскені көпке ой салды.Бұндай іс - шара Исатай ауданы бойынша емес әр ауылда да жалғасы тапса нұр үстіне нұр болар еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521