Қамысқалалық жайдарманшылар лиганың бас жүлдесін иеленді

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жас жайдармашылар арасында облыстық«Жас толқын» және жоғарғы лиганың финалдық ойындары өтті.  

Қамысқала ауылынан «Әжесінің балдары» және «Жаңа байлық» құрамалары осы сында бақ сынаған. Нәтижесінде, топ ішінен қағытпа қалжыңдарымен «Әжесінің балдары» құрамасы «Жас толқын» лигасының чемпионы атанса, ал «Жаңа байлық» құрамасы Жоғарғы лига бойынша ең кіші топ болса да, үздік үштіктен көрінді. Бұл қамысқалалық жастар көптің көзайымы айналып үлгергені десе де болады. 

- Қай додаға қатысып, одан чемпион болып шығу оңай еместігі анық. Біздің құрама үшін қиындық әкелетін тұсы демеушіміздің жоқтығы. Бірақ, біз оған мойыған емеспіз. Барынша ата-аналарымыздың қолдауымен көптеген жарысқа шығып, бағымызды сынап келеміз. Тіпті, кейде екі команда бірігіп, ауыл ішіне және де аудан орталығындағы көрерменге концерт ұйымдастырамыз. Содан түскен қаржыны ойынға көмек ретінде пайдаланамыз. Яғни концертке келген әр адам бізге демеуші! Алайда, болашаққа құрған жоспарымыз өте көп. Осы жетістіктерімізді аға-әпкелеріміз елеп, алдағы ойындарға демеушілік танытады деген ойдамыз. Демеуші табылған жағдайда бірлесе жұмыс жасап, тың идеяларды жүзеге асыратын боламыз,-деді команда жетекшісі Нұрберген Мейрамбайұлы.

 

Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT