Канал мәселесі қалай шешіледі

0 votes

Исатай ауданына қарасты каналдарды күрделі жөндеуден өткізу - ең өзекті мәселелердің бірі.

Облыс әкімі С.Шәпкенов ауданға болған іссапары барысында осылай деді.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жанынан «Табиғат» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылған болатын. Аталған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын республикалық меншіктегі «Қазсушар» мекемесінің теңгеріміндегі күрделі жөндеуді қажет ететін Кобяково-Забурын, Сборный-Саржігіт, Нарын және Бақсай (Мартыши, Есіркеп, Жасқайрат, Ақай кіші каналдары осы каналдардың бір бөлігі болып есептеледі) каналдарын өз меншігіне қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Осы каналдарды коммуналдық меншікке алғаннан кейін қажетті жөндеу жұмыстарына қаржыны бөлетін боламыз,-деді облыс басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521