Каналдардың халі мүшкіл. Депутаттар не дейді?

Исатай ауданына облыстық мәслихат депутаттары Ә.Семғалиев, А.Идрисов, Н.Шалабаева келіп, өңір басшыларымен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен басқосуда өңірдегі бірқатар түйткілдер талқыланды. Әсіресе, тозығы жеткен каналдар жайы айтылып, толғағы жеткен мәселенің шешілу жолдары сөз болды.

188161973_953930668691639_6168595453453349093_n

Жиынды ашқан аудан әкімі П.Хасанов аудандағы каналдар жайын тілге тиек етті. – Өңірдегі коммуналдық меншіктің теңгерімінде 5 канал бар. Олардың бәрі де кеңес кезінен бері күрделі жөндеуді көрмеген. Соған байланысты өткен жылы жобалық сметалық құжаттамасын жасақтап, мемлекеттік сараптамадан өткіздік. Осы мәселеде әріптестеріммен ақылдасып, аудандағы шаруа қожалықтарының басым бөлігі сол жерде орналасқандықтан, Қызыл үй каналын жөндеуді бірінші кезекке қойдық. Аталған каналды күрделі жөндеуден өткізуге 152 млн. теңге керек, - деген аудан басшысы бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жарияланып, тендер өтіп жатқанын, жеңімпаз айқындалса, ақша бөлінсе, жұмысты бастап, күзге дейін аяқтауға мүмкіндік бар екенін айтты. Қалған каналдарға да кезеңімен көңіл бөлінсе деген ол бұл мәселеге облыстық мәслихат депутаттарынан қолдау күтетінін жеткізді.

188155665_953930828691623_5014788546925363295_n

Нарын каналының халі мүшкіл бүгінде. Махамбет ауданынан бастау алып, біздің 5 округтен өтіп шығатын каналдың бойында көптеген жеке қожалық бар. Желмен бораған топыраққа толып бітелген канал күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. «Казсушар» мекемесінің теңгеріміндегі каналды тұнған топырақтан аршу үшін аудан әкімі жан-жаққа хат жазыпты. Нәтижесінде бір ай бойы қазу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда, мекеменің каналды толық қалпына келтіруге күші жетпейтіні белгілі.

Жиыннан соң аудан басшысы мен халық қалаулылары Нарын каналының бойына барып, ондағы жауапты мекеме мамандары мен тұрғындардың сөзіне құлақ асты. Бәрінің айтары бір: каналға күрделі жөндеу қажет.

Облыстық мәслихат депутаттары айтылған мәселені өз деңгейлерінде шешуге барын салатындықтарын уәде етті. Нәтижені уақыт көрсетеді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521