КАНАЛДАРҒА СУ ЖІБЕРІЛУДЕ

Қазір шаруада қолға алынған жұмыстың бірі – каналдарды сумен толтыру. Аудан аумағынан өтіп жатқан, жалпы ұзындығы 222,2 км болатын Нарын, Бақсай, Сборный, Кобяково-Забурын сияқты 4 ірі суару-суландыру жүйесіндегі бұл жұмыс қазір нақты бақылауда ұсталынып отырған жайы бар. Өйткені, малдың шөлі қануы да, егіндіктердің су алуы да, көлтабандарға су шығарылуы да, кайсыбір ауылдардағы жазғы су желілеріне су жүруі де осы каналдарда уақытылы судың болуына келіп тіреледі.

Аудан әкімінің орынбасары Р.Мұқанов бастаған топ сенбі күні аудан аумағындағы каналдарды аралап, олардың жай-күйіне назар қойды, судың келу мөлшерін бақылады. Алдымен бақыланған ұзындығы 23 шақырымды құрайтын Қызыл үй каналындағы су айдау сәуірдің басында бастау алып, 9 сәуірге дейін 172 мың текше метр су жіберіліп үлгерген. Мұнда өткен жылы жүрген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде бұрынғыдай канал бойын су жарып кету жағдайлары биыл орын алмаған.

Сборный және Жасқайрат котлавандары басында болған топ мұндағы судың жеткілікті мөлшерде екендігіне көз жеткізді.

Мәліметке қарағанда, Марташи каналының да жағдайы зерделенп, су деңгейі түсіп кеткені байқалған. Бақсай каналынан шлюзді ашу арқылы су жіберілетін бұл каналға су айдау туралы «Қазсушар» мекемесінің жауапты мамандарына қосымша хабарланып, 10 сәуірден бастап су жіберілуде.

-Сәуір айының басында «Кобяково-Забурын» каналында Зинеден ауылы бағытына су айдау басталды. «Көлденең» котлаванына жеткен судың келу мөлшері мен деңгейі бақылауда,-делінген деректерде.

Айта кетуіміз керек, жоғарыдағы сауру-суландыру жүйелерінен бастау алатын, ұзындығы 107 км құрайтын Қызыл үй, Есіркеп, Жасқайрат, Ақай, Марташи каналдары бар. Олардың алғашқысынан басқасы «Қазсушар» ШЖҚ РМК Атвру филиалының меншігінде.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521