Кандидат бейбіт митингке қатысты

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Республикалық сайлауалды штаб ұйымдастыруымен тығыз құрылысқа қарсы бейбіт митингке қатысты.

Іс-шара Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысында орналасқан саябақ аумағында өтті.

Акция барысында сөз сөйлеген үміткер тығыз құрылыс мәселесі тек елорда және Алматы қаласымен шектелмейтіндігін атап өтті. Бүгінгі күні бұл Қазақстанның барлық дерлік қалаларына таныс жағдай.
Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, тығыз құрылыс қала қасіретіне айналуда. Одан бөлек тойымсыз құрылыс салушыларға ең жақсы жер телімдерінің берілетіні тағы бар. Оған қоса әкімдіктер игеруге бас жоспар бойынша мектеп, балабақша мен ауруханалар салынуы тиіс жерлерді беруде. Нәтижесінде тұрғындар әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығынан зардап шегеді.
Қоғам алдында тұрған тағы бір мәселе – сыбайлас жемқорлық. Әуесбаевтың айтуынша, құрылыс салушылар өз мүдделерін ғана ойлап, ең жақсы жер телімдерін иеленуге ұмтылады. Мұндай жағдайларда әдетте пара беріледі.
Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жағдайды барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды енгізу арқылы ғана өзгертуге болады. Қала басшылары халық алдындағы жауапкершіліктерін сезінбейінше, парақорлықты жеңу мүмкін емес.
Бұл тармақ ЖСДП үміткерінің сайлауалды бағдарламасында бар Қазақстанның саяси жүйесін реформалау жөніндегі бірқатар ұсыныстардың бірі болып табылады. Бұдан бөлек бағдарламада парламенттік-президенттік басқару формасына көшу де қарастырылған.
Митингке 50-ге жуық адам, оның ішінде елордадағы тығыз құрылысқа қарсы белсенділер қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT