Кандидат халықтың әл-ауқатын көтеруге мүдделі

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласы Қазығұрт шағын ауданында сайлаушылармен кездесу өткізді.

Жиын №66 мектептің акт залында өтті. Іс-шара барысында үміткер жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасы жайында баяндап берді. Аудитория алдында сөз сөйлеген Әуесбаев Қазақстандағы басты мәселе адал бизнесті тұншықтыратын, экономиканың дамуына жол бермейтін, халықтың әл-ауқатына кері әсер ететін жаппай сыбайлас жемқорлық екенін атап өтті. Елде бенефициарлары қайта өңдеу салаларын дамытуға мүдделі емес корпоративтік, олигархиялық экономика қалыптасты. Нәтижесінде, Әуесбаев айтқандай, жекелеген адамдар байып, миллиондаған адам кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатыр. Президенттікке үміткердің пікірінше, егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп, ұрланған және оффшорларға шығарылғанның бәрін қазақстандықтарға қайтару қажет. Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде, 90-шы жылдары, көптеген ірі кәсіпорындардың күлкілі сомаға жекешелендірілгенін айтты. Сондықтан да ол өзінің сайлауалды бағдарламасында осындай компаниялардың акцияларын халыққа өткізу туралы мәселені қарастырады. Бұған IPO арқылы қол жеткізуге болады. ЖСДП-дан үміткер активтерді ұлттық экономиканың жаңа негізіне айналуы тиіс орта бизнес өкілдері арасында бөлу керек деп есептейді. Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасында саяси реформалар жүргізу қажеттілігі туралы да айтылады. Елге тек олигархтардың ғана емес, халықтың әртүрлі топтарының қызығушылықтарын қорғайтын күшті бір палаталы парламент қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521