КАНДИДАТ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫН АРАЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті.

Бірнеше жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы жоғары сұрыпты ұн өндіріп, жетпіске жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді экспорттауға ниетті. Алайда, кей кезде кәсіпорынға бидай жеткізкуде қиындықтар туындайды, вагондар тапшылығы байқалады.
«Қазақстандағы аграрлық сектордың негізгі бір саласы егін шаруашылығы екені белгілі. Еліміздің солтүстік, орталық өңірлеріндегі алқаптар тұтастай республиканы астықпен қамтамасыз етуге, тіпті, дәнді дақылдарды шет елдерге экспорттауға мүмкіндік беруде. Дегенмен ел ішінде туындаған осындай проблемалар кәсіпкерлердің жұмысына кері әсер етуде. Менің әрдайым айтатыным, адал еңбек етіп, халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қаматамасыз ететін азаматтарымызға қолдау көрсетуіміз қажет. Қазақстанда тауарлар қорын құру стратегиясында азық-түлік нарығын дамыту және қауіп¬сіздігін сақтау бәрінен бұрын им¬портқа тәуелді емес, отандық өндіріс есебінен жүзеге асуы керек», – дейді Жигули Дайрабаев.
Ұн тарту зауытынан кейін кандидат мал бордақылау кешеніне барды. Қазіргі уақытта елімізде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта жұмыс істейтін бұл кешен Ақтау қаласының тұрғындарын сапалы етпен қамтамасыз етуде. Алайда мұнда су мәселесі әлі шешілмей отыр, зауыт суды сатып алуға мәжбүр.
«Cу мәселесі бүгінде әлемнің көптеген елдерін толғандырып отырғаны белгілі. Мамандардың болжамы бойынша, су мемлекетаралық, еларалық маңызды мәселе ретінде алдағы уақытта да өзінің өзектілігін жоймайды. Өйткені су – тіршілік көзі. Сондықтан бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешуді қолға алғанда ғана нәтижелі жұмыс жүріп, өңірді сумен қамти аламыз», – деген пікірде кандидат.
Сонымен қатар Жигули Дайрабаев Мұнайлы ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жем-шөп дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Өткен жылмен салыстырғанда, биыл бұл бағыт оң нәтиже беріп отыр дейді шаруа иелері. Осы ретте кандидат, түйткілді мәселелердің алдын алу үшін тамшылатып суару әдісін дамыту қажет дейді. Ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологиялар мен жабдықтарды қолдану өндіріс өнімділігін арттырмақ.
«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT