Кандидат Салтанат Тұрсынбекова туралы 2,3 миллионнан астам адам хабардар болды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының 16 күнінде алты өңірде болды: Астанада, Қарағанды ​​облысында, Ақмола облысында, Түркістан облысында, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесулер өткізді.

16 күн ішінде штаб ұжымы қазақстандықтарды кандидаттың сайлауалды бағдарламасы мен жоспарларымен таныстыру үшін өте көп жұмыс істеді.
Салтанат Тұрсынбекова өзін ел Президенттігіне кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқанында бүгінге дейін жасалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.
Осы кезеңде штаб ұжымы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

- 7000 шақырым жол жүрді
- 6 өңірді аралады
- 15 кездесу өткізді
- 3000-нан аса тұрғынды қамтыды
- 20 өңірде штаб жасақталды
- 279 қызметкер қабылданды
- 279 билборд ілінді
- 62 000 жарнамалық парақ таратылды
- 205 000 плакат үлестірілді
- 150 пост пен оның көрнекіліктері жарияланды
- 5 байланыс арналары: Facebook, Instagram, Telegram, Twitter, TikTok қамтылды
- 62 500 оқырман қамтылды
- 300 ден аса - БАҚ-тағы жарияланымдар
- 100 телевизиялық сюжет жасалды
- 2 орын – медиадағы ақпараттар бойынша рейтинг
- 1 орын - кандидаттар арасында жағымды пікір бойынша рейтинг
- 2 302 501 қаралым – әлеуметтік желілердегі жалпы аудиторияны қамту («Сайлау 2022» Telegram арнасының мәліметі бойынша)
- 2 356 000 – жалпы қамтылған аудитория саны
Кандидат Салтанат Тұрсынбекова:
«Біз осы уақытқа дейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кандидаттар арасындағы ең аз қаржы сомасын жұмсай отырып, ОСК ақпаратына сәйкес ең үлкен нәтижелі жұмысты атқарыппыз. Бізді қолдаған барлық азаматқа алғысымызды білдіргіміз келеді. Дәл осы қарқынмен әрі қарай жұмысымызды жалғастыра береміз. Бізді қолдап, дауыс беретін сайлаушыларымыздың үмітін ақтаймыз деп сенемін».

АСТАНА
21 қазанда кандидаттың штабында ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Қатысушылар дайындық жұмысындағы жағдайды, сондай-ақ алдағы жоспарларды талқылады.

22 қазанда Республикалық штабтың ресми ашылуы өтті. Республикалық штабқа бейнебайланыс арқылы аймақтық бөлімшелер қосылды. Кездесу барысында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері, алдағы жоспарлар, сондай-ақ кандидаттың сайлауалды бағдарламасы талқыланды.

23 қазанда құқық қорғаушының өзі Астана көшелеріне алғашқы үгіт-насихат плакатын жапсыру үшін шықты. Осылайша, ел астанасы мен өңірлеріде штаб командалары іске қосылды.

24 қазанда Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесті. Ол нашақорлық, құмар ойындар мен маскүнемдік, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сыбайлас жемқорлық сияқты мәселелердің кең етек жаюына жол беруге болмайтынын айтты.

25 қазанда Салтанат Тұрсынбекова Республика күні мерекесіне орай туымызды көтеріп, челлендж аясында жүгірді.

ҚАРАҒАНДЫ

26 қазанда кандидат сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында аймақтарды аралауды бастады. Ол бірінші болып Қарағанды ​​облысына сапарлады.

Үміткер Қарағанды ​​қаласында құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, магистранттармен, сарапшылармен, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға, мүгедектердің, сотталғандардың құқықтарын, сондай-ақ олардың мүдделерін қорғауға атсалысқан түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Халықтың әртүрлі әлеуметтік осал топтарымен де кездесу өткізді. Кездесулер барысында кандидат өзінің телефон нөмірін көпшілікке жариялады. Халық мүгедектердің мәселесіне, саяси өзгерістер қажеттігіне шағымданып, оның өлім жазасына деген көзқарасын сұрады.

Одан кейін үміткер Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығында болды.
КӨКШЕТАУ

27 қазан күні құқық қорғаушы көпсалалы облыстық ауруханаға барып, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің мәселелерін тыңдады. Дәрігерлермен кездесуде Тұрсынбекова дәрігерлердің қателіктерін қылмыс ретінде қарастыруға қарсы екенін айтты. Медициналық мекемелерді қаржыландырудың аздығы да медицина қызметкерлерін алаңдатып отырғанын түсінді.

Сол күні президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова «Шанс» дағдарыс орталығында болды. Құқық қорғаушы әйелдерді болашақтан үміт үзбеуге және берілмеуге – өздері және балалары үшін соңына дейін күресуге шақырды.

АСТАНА

28 қазанда Салтанат Тұрсынбекова елордада көп балалы аналармен кездесті. Көп балалы отбасылардың мәселелерін, яғни, қиын қаржылық жағдай, баспана мәселесі, балаларды оқытуды ұйымдастыру, қарыз жүктемесі проблемаларын көтерді.

29 қазанда Тұрсынбекова жекеменшік жануарларға арналған панаханада болып, жануарларға қамқорлық жасау шараларын ұсынды.
Орталықтағы сапарында мына мәселелер көтерілді:

• Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы 2021 жылы қабылданған заң жұмыс істемейді
• Үйсіз жануарларға арналған қоғамдық питомниктер іс жүзінде жоқ
• Жануарларға адамгершілікпен қарау
• Қаржыландырудың болмауы
•Жануарларға қайырымдылықтың аздығы

ШЫМКЕНТ

Кандидат 31 қазанда Шымкенттегі тігін фабрикасының 250 жұмысшысымен тілдесіп, жұмыс істейтін әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді. Жұмысшылар табыс теңсіздігіне шағымданды.

Содан кейін ол қалалық адвокаттар алқасымен кездесті. Адвокаттар атышулы істерді жариялайтын журналистердің әділетсіз соты мен қысымына наразы. Кандидат өз бағдарламасында бірінші бағыт ретінде сот-құқықтық реформаны ерекше атап өткенін еске салды.

Кейінірек үміткер 2017 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының арқасында құрылған отбасын қолдау қызметіне барды.

ТҮРКІСТАН

Тұрсынбекова 1 қарашада Түркістан облысында болды. Мұнда ол ең алдымен 1100-ге жуық адам еңбек ететін Кентау трансформатор зауытында болды. Мұнда халық бағаның өсуіне, табыстың төмендігіне шағымданып, зейнет жасын төмендету ұсынысына алғыстарын білдірді.

Үміткер сол күні Түркістан қаласындағы «Шапағат» мүмкіндігі шексіз жандар қоғамдастығының «Ғиззат» мотивациялық орталығында болды. Ондағы азаматтар жұмысқа орналасудағы қиындықтарға, жәрдемақылардың төмендігіне, оңалту машиналарын патенттеудің мүмкін еместігіне шағымданды.

АЛМАТЫ

3-6 қараша аралығында Салтанат Тұрсынбекова Алматыда түрлі кездесулер өткізді: тұтынушылардың құқықтарын, зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша азаматтармен, қалалық құқық қорғаушылармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен, сондай-ақ «Родник» дағдарыс орталығының басшысымен кездесті.

Сонымен қатар, үміткер «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды.


Салтанат Тұрсынбекова штабының
Баспасөз-хатшылығы

Республика күні

25qazan-respublika

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика