Кандидат Түркістан облысының сайлаушыларымен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Түркістан облысындағы сайлауалды сапары жалғасуда.

Кандидат Түркістан қаласының жұртшылығымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен туризм саласын дамытудың жолдары талқыланды.
Қарақат Әбденнің айтуынша, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары көп шоғырланған Түркістан шаһарының туризмді дамытуда әлеуеті зор.

«Түркістан – барша түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті жер. Ежелден-ақ «екінші Мекке» деп атанып кеткен қазақтың рухани астанасы көптеген саяхаттаушылардың қызығушылығына ие болып отыр. Түркістанның тарихи маңызын және осы өңірде шоғырланған киелі жерлердің көп екендігін ескере келе, алкогольді ішімдіктерді сатудан бас тартқан алғашқы қалалардың бірі атануына барлық мүмкіндіктер бар», - деді Қ.Әбден.

Кездесуге сондай-ақ өңірлік туризм саласының өкілдері қатысып, бұл бағыттың өзекті сұрақтарын ортаға салды.

«Бізге шетелден көп туристер келеді, бірақ ішкі туризм нарығын да дамыту керек.Бұдан бөлек, аймақтың инфрақұрылымын да назардан тыс қалдырмаған жөн», - деп бөлісті туристік компанияның өкілі Мөлдір Мәлібекова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521