Кандидаттың сенімді өкілдері колледж ұжымымен кездесті

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Атырау аграрлық-техникалық колледжінің ұжымымен кездесу өткізді.

Облыстық қоғамдық штаб мүшелері Саламат Ідірісов, Нәсіп Шалабаева, Асхат Жұмағалиев, Айсұлу Қондыбаева және Амандық Есқали сайлауалды бағдарламаның мазмұнын түсіндіріп, педагогтардың пікірлерін тыңдады.
-Сайлауалды бағдарламада әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет азаматтардың білімі, денсаулығы мен әл-ауқаты үшін тікелей жауапты екенін атап өтті. Ол 6,5 млн қазақстандық бала білім мен цифрлық технологияларға тең қол жеткізе алатынын айтты. Студенттердің стипендиясын екі есе өсіріп, жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешуді көздеп отыр. Соңғы жылдары Қазақстанда білім беру сапасын арттырып, кадрларды даярлау деңгейін, педагогтардың мәртебесін көтеру бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын және оны жалғастыру қажет екенін бәріңіз білесіздер,- деп атап өтті штаб мүшесі Саламат Ідірісов.

-Аграрлық сектор - Қазақстан экономикасының негізгі тетігі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасында ауыл мен ауыл шаруашылығын жандандыру міндеті қойылды. Ол үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру жөніндегі ауқымды жоба іске асырылады. Сіздер дайындап жатқан мамандар ертең ауылдың игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Сондықтан бүгін де өз еңбектеріңізбен еліміздің жарқын болашағына үлес қосасыздар,- деді штаб мүшесі Нәсіп Шалабаева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521