Облыстық қоғамдық штаб мүшелері, Асхат Жұмағалиев, Нәсіп Шалабаева, Мұса Хайруллиев, Ғани Сағындықов “DAMU” кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен жүздесті.
Оларға ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, мән-маңызына тоқталды.
-Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Әділетті экономика құру қағидасын бекітіп отыр. Бұл - осы кәсіпкерлік саласындағы оң өзгерістерге жол ашады деп сенеміз. “Жалғыз үні, жаяудың шаңы шықпайды” деген аталы сөз бар. Ол үшін, әрине, қолдау керек. Ауылдарды дамыту, білім сапасын жақсарту, медицинаны өркендету секілді мәселелер кезек күттірмейді. Сондықтан баршаңызды Қ.К. Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырамын,- деді Асхат Жұмағалиев.
-Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы 3 қағидаттан тұрады. Оның ішіндегі Әділетті экономика қағидаты - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жолы болмақ. Қ.К. Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлік саласына баса көңіл бөлетінін жеткізді. Рас, бұл салаға үлкен қолдау керек. Жемқорлықсыз, бармақ басты, көз қысты секілді дерттен айыққан Әділетті қоғам құру - сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан Әділетті экономика құрып, Әділетті қоғамда өмір сүру үшін баршаңызды Қ.К. Тоқаевты қолдауға шақырамын,- деді штаб мүшесі Нәсіп Шалабаева.
Жиынға қатысқандар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, алдағы саяси науқаннан қалыс қалмайтынын жеткізді.