Кандидаттың жақтастары Алматыдағы метрода акция өткізді

Алматыдағы облыстық штабтың қызметкерлері, сондай-ақ Салтанат Тұрсынбекованың жақтастары қалалық метрополитенде акция өткізді.

Метро вагондарында әйелдер кандидаттың бағдарламасы туралы әңгімеледі. Акцияға қатысушылар жолаушылармен бірге бірнеше ән орындады.
Алматыдағы бас кеңсе өте белсенді жұмыс істеп жатыр. Олар бұған дейін қалада кандидаттың тұтынушылардың құқықтарын, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау, құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділерімен халықпен кездесулерін ұйымдастыруға көмектескен.
Облыстағы штабтар үгіт-насихат кезеңі басталғаннан бері белсенді жұмыс істеп келеді. Жергілікті халықпен, ұжымдармен кездесулер белсенді түрде өткізілуде.
Мәселен, Жамбыл облысында жергілікті штаб басшысы колледжде оқытушылар және студенттермен кездесулер ұйымдастырды. Маңғыстау облысында сүт зауытының жұмысшыларымен, Мұнайлы ауданындағы аурухана дәрігерлерімен, құрылыс компаниясының қызметкерлерімен кездесулер жоспарланған.
Басқа өңірлерде де кездесулер ұйымдастыру, үгіт материалдарын тарату жұмыстары жүргізілуде.


Салтанат Тұрсынбекова штабының
Баспасөз-хатшылығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521