Қарақалпақстан азаматтары қол ұшын созды

Таяуда ғана аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жаппай сенбілікте «БАРЫС» спорт клубымен бірге жаға бекіту жұмыстарына көршілес Қарақалпақстан елінен келген  азаматтар да қол ұшын созып, көмектерін жасады.  Достық, туыстық сын сағатта сыналады дегеніміз осы емес пе?!

 Бұны біз тілегі мен жүрегі бір бауырлас елдердің арасындағы бірлік пен татулықтың көрінісі деп білеміз.Осы сәтке куә болған «Барыс» спорт клубының директоры Асхат Жұмабеков бізге былай деп баяндап берді.

- «Ағайынның қамқорлығын басыңа іс түскенде білерсің» -дегендей, азаматтық танытып жатқан қарақалпақ бауырларымыздың жақсылығын жүрегімізде сақтап қаларымыз сөзсіз. Олар Қайрат, Шерзад, Айбек, Айтбек, Оғабек есімді азаматтар біздің ауданда жұмыс жасап өз нәпақаларын тауып жүр.Алайда олар жанашырлықпен аудан тұрғындарына қол ұштарын беруді азаматтық парызымыз деп санап, көмек көрсетуден тыс қалмады. Қиын кезде осылай қол ұшын созған туысқан ағайынның бұл жақсылығын  біздер ұмытпайтынымызға кәміл сенімдімін әрі алғысымыз шексіз. Ғасырлар бойғы екі ел арасындағы туысқандық пен бауырластық одан әрі нығая түседі деп санаймын,-дейді ол.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT