Аққыстау ауылында жарияланған карантинге байланысты бірқатар қызмет түрлері уақытша жұмысын тоқтатады.
Исатай ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес азық-түлік емес сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, құрылыс материалдарын сататын көтерме орындары, киім-кешек, басқа да ұсақ-түйек заттарды сататын бутиктер, фотосалондар, оптика, ломбард, автокөлік қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер және шаштараздар, сұлулық салондарының барлық қызмет түрлеріне тыйым салынады.
Сондай-ақ спорт, мәдениет нысандарының да жұмысы тоқтатылады.
Көлік жөндеу, көлік жуу, техникалық қызмет орталықтарының да жұмысы тоқтатылады.
Қазпошта, банк мекемелерінде қызмет көрсету сағат 09:00-ден - 17:00-ге дейін қызмет алушылар арасында 2 метр қашықтықты сақтай отырып, міндетті түрде маскамен қызмет алуын қадағалай отырып жүргізілуіне ғана рұқсат беріледі.
Жанар-жағармай бекеттеріне қызмет алушылар арасында әлеуметтік қашықтықты 2 метр сақтау, міндетті түрде маска кию тәртібімен өз регламенттеріне сәйкес қызмет етуге бар.
Қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, барлар, кафелер, асханалар және басқалар) тек өзімен алып кету және жеткізіп беру әдісімен сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.
Супермаркеттер және басқа да азық-түлік дүкендері, дәріханалар жұмысы сағат 09:00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды. Аумақтағы ахуалға байланысты сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін дәріханаларға «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша жұмыс жасауға рұқсат бар.
Аслан МҰРАТҰЛЫ