Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында өз ісінің үздік мамандарын жастарға үлгі етуіміз керек, оларға идеал болатын тұлғаларды көрсетуіміз қажет – деген еді. Міне, бүгінгі күні Исатай ауданында түрлі жетістігімен көзге көрініп үлгерген педагог мамандарымызда жетерлік. Солардың бірі күні кеше республика төрінде есімі аталып, құрметке бөленген «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының логопед-дефектологы, өз ісінің кәсіби маманы Қарлығаш Сахибеденова жерлесімізді айта кетуге болады.
Жақында ол «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру саласының құрметті педагогі» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңіне қатысып, бас жүлде иеленген болатын.
Осылайша, республикалық байқаудың «Креативті педагог» номинациясын иеленген Сахибеденова Қарлығаш бірінші кезеңнен өтіп, екінші кезеңге жолдама алды.
Әрі «Білім беру саласының құрметті педагогі» атты роеспубликалық байқауына қатысқан әріптесіміз Сахибеденова Қарлығаш Салауатқызы І дәрежелі дипломмен және білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін төсбелгімен марапатталды.
Әріптесіміз Қарлығаш кәсіби қабілеттерімен шектелмей, шығармашылық жұмыстан кең де емес, яғни өлең жазу, киім тігу, тоқу, қолөнер бұйымдарын жасау сынды түрлі ерекше қабілеттерімен топ жарып, көптің ықыласына бөленіп жүр.