Қаржы жүйесін жаңғыртатын қадам

 

Мемлекет басшысы Жолдауында ерекше тоқталған маңызды бағыттардың бірі – цифрлық теңгені енгізу және оны республикалық, жергілікті бюджеттерде, сондай-ақ мемлекеттік холдингтердің қаржы айналымында пайдалану мүмкіндігі. Бұл қадам еліміздің қаржы жүйесін жаңғыртып қана қоймай, экономикалық айналымды айқын, ашық әрі жедел етуді көздейді. Цифрлық теңге – болашақ экономикасының жаңа тірегі. Ол мемлекеттік төлемдер мен әлеуметтік қолдау шараларын дер кезінде жеткізудің тиімді тетігі бола алады.

Сонымен қатар Президент атап өткендей, криптоактивтерге де айрықша назар аудару – уақыт талабы. Бұл сала бүгінде әлемдік қаржы нарығында үлкен орынға ие болып отыр. Қазақстан осы үрдістен шет қалмай, заңнамалық негізін жетілдіріп, сенімді инфрақұрылым құра отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұндай бағыт елдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықаралық капиталдың келуіне ықпал етеді.

Жаңа цифрлық құралдарды тиімді пайдалану – экономикалық тұрақтылық пен қаржылық қауіпсіздіктің кепілі. Әрі бұл Қазақстанның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігін күшейтетін маңызды алғышарт. Цифрландыру арқылы көлеңкелі экономиканы азайтып, бюджет кірістерін арттыруға болады. Сонымен бірге, халыққа көрсетілетін қаржылық қызмет сапасы жақсарып, әрбір қазақстандықтың күнделікті өміріне оң әсерін тигізеді.

Демек, заманауи технологияларды енгізу – уақытша бастама емес, елдің ұзақмерзімді дамуы мен тұрақты болашағына жол ашатын стратегиялық қадам. Бұл – Қазақстанның «Цифрлық дәуірдегі» жаңа өркендеуі үшін жасалған сенімді әрі батыл шешім.


Нұрдаулет АТЕЛОВ,
Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT