ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде  «Ұлттық валюта - теңге күні» мерекесіне арналған  салтанатты шара  өтті. Ұлттық валютамыз айналымға енгізілген күннің мән-мағынасын айшықтаған мерекелік жиын болып өтті.



Салтанатты шараның алғы сөзін алған Исатай ауданы әкімі Нұрым Мусин Ұлттық валютаның маңыздылығын баса айтып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

 Құрметті шараға қатысушы қаржыгерлер! Баршаңыздытөл теңгеміздің 30 жылдығымен және 15 қараша–қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттің дамуы сол елдің валютасына байланысты. Сондықтан еліміздің төл теңгесінің алар орны айрықша. Төл валютамыз ғана тәуелсіз экономикалық және қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыруымызға, нақты экономикалық егемендікке қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызды, Қаржы саласында еңбек еткен ардагер қаржыгерлердің еңбегі орасан зор. Теңгеміз нығайып, ауданымыз көркейе берсін,-деген аудан басшысы бірқатар қаржы саласының қызметкерлеріне аудан әкімінің мерекелік Алғыс хатын табыс етті.

Атап айтсақ,Исатай  аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль және үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Гүлферуза Қазекешова, Нарын ауылдық клубының есепшісі Сәндігүл Әділғалиева, «Халык банк» АҚ-нық Исатай  аудандық бөлімшесінің кассирі Айтолқын Есенғалиева,Исатай аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы Аябек Лұқпанов және  аудандық  мәдениет, дене шынықтыру  және спорт бөлімінің есепшісі Алмас Елеусінов марапатталды.

Сонымен қатар атаулы мереке қарсаңында ауданда түрлі мәдени-спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы саласы қызметкерлері арасында 10-қараша күні Жанбай ауылдық округінде волейболдан аудандық біріншілік өтіп, үздіктер анықталды.  Жеңімпаздарды аудан басшысы  Нұрым Мусин аталмыш шарада марапаттады. Атап айтқанда жүлделі «Дербес бөлімдер» командасы ІІІ орынға табан тіресе, «Халык банк» аудандық филиалы командасы ІІ орын иеленді, ал  жүлделі І орынмен Жанбай-Нарын ауылдық округі аппараты құрама командасы марапатталды.

Сондай-ақ аталмыш сала қызметкерлері арасында «QUIZ-time» ойыны да ұйымдастырылып, қатысқан  10 команда интелектуальды ойында тапқырлық ой-өрісін танытқан өзара мықтылар арасында жеңімпаздар анықталған болатын. Яғни ІІІ орынмен Жанбай-Нарын ауылдық округі аппаратынан қатысқан «Каспий» командасы иеленсе, ІІ орынмен Исатай аудан әкімі аппаратының «Кассовый аппарат» командасы марапатталса, жарыс жеңімпазы болып дербес бөлімдер мамандарынан құралған «Дербес» командасы І орынмен топ жарды.

Келесі кезекте мінберге көтерілген Исатай аудандық мәслихатының төрағасы Аманжол Рахметов Ұлттық валюта теңге күнімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Оған қоса Атырау облыстық мәслихат төрағасы  Мұса Хайруллиевтің Алғыс хатымен аудандық «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының есепшісі Самал Калисова және аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен Исатай  аудан әкімі аппаратының бас маманы Ақерке Ғалымжанова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Арайлым Мұратқызын марапаттады.

Салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасын тапты. Күмбірлеген күй ойнап, мың бұралған би де, тамылжыта  шырқалған ән де салтанатты кештің көркін кіргізді.

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521