Қасапшы қыз

 

Дала – қазақтың ең үлкен мектебі. Бұл мектепте оқулық жоқ, бірақ өмірдің өзі ұстаз. Мұнда қоңырау соғылмайды, алайда таңғы самал, малдың маңыраған үні, әкенің үнсіз еңбегі бала санасына сабақ береді. Далада өскен бала ерте есейеді: ол табиғатпен тіл табысуды, еңбекпен өмір сүруді, жауапкершілік пен сабырдың қадірін ерте ұғынады. Кең далада қалыптасқан мінез – төзімді, ал сол төзімнен туған тұлға қайсар болады.

Қазақ даласының тынысы төрт түлікпен бірге тыныстап келеді. Мал – қазақ үшін жай ғана күнкөріс көзі емес, ұлттың болмысы, өмір сүру философиясы, табиғатпен үндескен тұтас мәдениет. Сондықтан қазақ «малға обал жасама», «қолың жеңіл болсын» деп бата беріп, әр істі ниеттен бастайды. Мал союдың өзі – жай әрекет емес, тәртіп пен тағылымға, жауапкершілік пен адамгершілікке негізделген үлкен дәстүр. Ғасырлар бойы бұл кәсіп көбіне ер-азаматтардың еншісінде болып келгенімен, уақыт өзгерген сайын атакәсіпке жаңаша көзқараспен қарайтын, оны өз тағдырымен байланыстыратын жаңа буын қалыптасты.

Сол жаңа буынның ішінде нәзік болмысына қайсарлықты, мейіріміне табандылықты сыйдырған қыздардың болуы дала тәрбиесінің заңды жемісі іспетті. Аққыстау ауылында дүниеге келген Амина Мүбарак – дәл осындай тәрбиеден өткен, атакәсіптің қадірін терең ұғынған, дәстүр мен еңбекке адал жас буынның жарқын өкілі.

Амина Яменқызы 2002 жылы ауылдың қара-пайым шаңы-рағында дүниеге келді. Оның балалық шағы қала көшесінде емес, мал өрген кең далада, ауыл тіршілігінің ортасында өтті. Төрт түлікке жақын өскен қыздың бойында еңбекке бейімділік пен жануарға деген жанашырлық ер-те қалыптасты. Сондықтан да ол болашағын мал шаруашылығымен байланыстыруды саналы түрде таңдады.

Алғашқы білі-мін Өркен орта мектебінен алған Амина кейін Атырау аграрлы-техникалық колледжіне оқуға түсіп, мал дәрігері мамандығын меңгерді. Бұл кездейсоқ таңдау емес. Кішкентайынан жан-жануарға деген ерекше ықыласы бар Амина үшін бұл – жүрек қалауынан туған мамандық.

Аминаның еңбекке, төзімділікке бейім болып өсуіне әкесі Ямен Алшановтың ықпалы зор. Ол аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күзетші болып қарапайым қызмет атқарады. Сонымен қатар қасапшылық кәсіппен 43 жылдан бері айналысып келеді. Әке еңбегін көріп өскен Амина соңғы төрт жыл бойы оның жанына еріп, мал союдың барлық қыр-сырын үйреніп алды. Қазіргі таңда ол бір малды өзі-ақ толықтай соятын деңгейге жеткен. 

Жалғасы газеттің №4 (4269) санында

 

Еркебұлан УАЛИТХАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT