Кәсіпкер су тазартатын қондырғыны іске қосты

Аққыстаулық Исатай Жақыпұлы - жеке кәсіпкер.

Өткен жылғы «Бастау Бизнес» жобасының тыңдаушысы болған ол «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 505 000 теңгенің қайтарымсыз грантын ұтып алған.

su-tazartu03

Кәсіпкер күні бүгін аудан орталығы Аққыстау ауылындағы «Гаухар» азық-түлік дүкенінен орын алып, грант қаржысына су тазартатын құрылғыны іске қосты. Құрылғының қуаттылығы 1 сағатта 100 литрге дейін суды тазалайды. Сондай-ақ ағынды суды 8 сүзгіден өткізу арқылы сапасын 1-санатты судың деңгейіне дейін тазалауға мүмкіндігі бар.

- Қазір құрылғы арқылы тазаланған судың 1 литрі 15 теңгеден сатылуда. 19 литрлік құтыға құйылған суға қарағанда литрлеп құйып алу тұрғындарға ыңғайлы болып, сұраныс көбейіп тұр, - дейді жеке кәсіпкер.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз