КАТЯ ӘЖЕЙДІҢ ТІЛЕГІ

«APEC PetroTechnic» колледжінде орналасқан №90 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері сұрапыл соғыс жылдарында концлагерьде тұтқында болған Екатерина Абсатырованың шаңырағына барды.  

Ардагер өз таңдауын жасап, арнайы әкелінген жәшікке сайлау бюллетенін салып, игі тілегін жолдады. – Менің балалық шағым қиын кезеңдермен тұспа-тұс келді. Әйтсе де тағдыр маған бейбіт өмір мен бақытты күндерді көруді бұйырды. Міне, бүгін халықпен бірге мен де дауыс беріп, өз үлесімді қосып жатырмын. Қазақстанымыз дами берсін, ел-жұртымыздың ауызбіршілігі мығым болсын. Ел аман, бейбіт заман болсын, - дейді 92 жастағы кейуана. Екатерина Абсатырованың отбасы 1941 жылы тұтқынға түсіп, концлагерьде болған. 1944 жылы бостандыққа шыққан соң, колхозда жұмыс істеген. Қазір 3 баласынан 2 немере, 1 шөбере сүйіп отыр.

 

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521