«Қауіпсіз аула» – ортақ жауапкершілік

 

Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Исатай ауданы аумағында «Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара барысында Аққыстау ауылында қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен екі азамат анықталды.

Тексеру нәтижесінде олар медициналық сараптамадан өткізіліп, масаң күйде болғаны белгілі болды. Анықталған дерекке сәйкес құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігіне сай әкімшілік хаттама толтырылды.

 

 

Айта кету керек, мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

 

А.ТЕЛЕУБАЕВА,

Исатай АПБ ҚҚб-і ЮПТ-ның аға УПИ полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT