"Қауіпсіз жол жүрісі" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Қазіргі таңда елімізде әр түрлі көліктер жылдан- жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.

Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдар да ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне адамдар зардап шегуде. Міне, осы мақсатта "Қауіпсіз жол жүрісі" апталығы өткізілді. Оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар тарапынан көлік жүргізушілерге хаты жолданды. Хатта ..." Бүгінде қаламызда көлік түрлері көбейіп, жол жүруге жеңілдік болғанымен, жол апаттары жиі кездеседі. Жүргізуші ағайларға айтар назым бар. Жол ережесін бұзбай, абайлап жүріңіздерші. Мен өзім жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтсем де жол ережесін бұзбауға тырысамын. Сонда да жолдан өту кей жағдайда қорқыныш туғызады. Жүргізушілер қатты  жылдамдықпен келіп қалады. Адам өміріне аса жаупкершілікпен қараңыздаршы, өтінемін" Оқушының хаты осы көлік жүргізушілерге үлкен ой салуы керек деп есептеймін
 Сондықтан жолда қауіпсіздік ережесін мұқият ұстанып, жаяу жүргіншілерге зияндарыңызды тигізбейсіздер деген сеніміміз бар, - дейді Исатай АПБ-нің ЖПҚБ-нің Патрулдік Полиция тобының аға қызмет инспекторы Орынғалиев Д.С

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521