Қауіпсіздік Кеңесіне реформа – заман талабы

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ мінберінен Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттігін ашық айтуы – уақыт талабы. Бүгінгі күнгі геосаяси ахуал Кеңестің бұрынғы форматта тиімді жұмыс істей алмай отырғанын айқын көрсетіп отыр. Жаһандық қақтығыстарды алдын алу орнына ұзаққа созылған бітпес даулардың көрінісіне айналуы – халықаралық қауымдастықтың сенімін әлсіретуде.

Мемлекет басшысы атап өткендей, орта державалардың және дамушы елдердің дауысы күшеймейінше, әлемдік қауіпсіздік жүйесі әділетті болмайды. Бұл – Қазақстан секілді бейбітшілік пен сенімді қолдаушы елдердің көпжақты ынтымақтастықтағы рөлін арттыру қажеттігін дәлелдейді.

Сонымен бірге Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің толыққанды ұйымға айналуы, ШЫҰ аясындағы бастамалар – аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға үлгі болатын тәжірибе. Қазақстан ұсынып отырған «Әділетті әлем мен келісім жолындағы жаһандық бірлік» бастамасы – жаңа қауіпсіздік парадигмасын құруға, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы ашық диалогты жолға қоюға бағытталған маңызды қадам.

Демек, бұл үндеу тек аймақтық емес, бүкіләлемдік жауапкершілікті бөлісуге шақырады. Қауіпсіздік Кеңесінің реформалануы – жаһандық тәртіптің әділ әрі сенімді болашағы үшін басты шарт.


Батима МҰРАТҚЫЗЫ
ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT