ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

(0 Votes)

Ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде жиын өткізілді. Комиссия отырысына аудан әкімі Нұрым Мусин төрағалық етті. Жиында екі мәселе қаралды. Біріншісі -  мұз қату кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру туралы болса, екіншісі - жаңажылдық мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудан көлеміндегі жарылғыш, от шашу құралдарының айналымы, тиісті заңдылық талаптарына сай бақылауды күшейту. 


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ахат Ахбалин баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда кішкентай балалардың арасында жұқа мұзда асыр салып ойнау фактілері кездесетінін және балық аулаушылар қауіпсіздік ережелерін ескере бермейтінін сөз етті. Бұған қоса,  арнайы жеке құраммен жалпы білім беретін орта мектептерде мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керектігі туралы сабақтар өткізіліп, зардап шегушіге көмек көрсетілетіні жайында тоқталып өтті. Қыс мезгіліндегі мұздың үстіндегі оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен мен  әлеуметтік желілер арқылы жұртшылыққа ескертіліп жатқанын қаперге берілді. 
Ал,екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, подполковник Бейбітжан Айжарықов мәлім етті. Қазіргі уақытта аудан көлемінде пиротехникаларды сату, оны қолдану немесе оны қолданып дене жарақатын алу фактілері анықталған жоқ. Егер сертификатталмаған өнімді көтерме жеткізушілер, сақтау, қолдану, сатып алу жағдайы анықталса, яғни тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша жиырма бес  айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынатынын баса  айтты.  Сонымен қатар пиротехника өнімдерін пайдаланған жағдайда пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолданғаны үшін  20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ осы баптың үшінші бөлігінде он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасына  20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатындығын назардан тыс қалдырмады. Және де пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сақтау, сату, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді пайдалану өртке немесе адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескерте отырып, бұл бағытта профилактикалық рейдтік жұмыстар үнемі жүргізілетіндігін тілге тиек етті.  Жиында соңында комессия мүшелері осы екі мәселеге байланысты ұсыныс-тілектері мен ой-пікірлерін ортаға салды. 

 

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT