РИЗУАНОВ Азамат Аралбайұлы АҚШ, «Техас A&M» университетінің Химия инженериясы ғылым кандидаты:
– Бүгінгі таңда жастарға берілер ең үлкен мүмкіндік – ол сапалы білім мен шетелде тәжірибе жинау дер едім. Өз басым осы жолдың қиын да қызықты тұстарын бастан өткеріп келемін. Бастысы адам өзіне сенсе, ешбір мақсат алыс емес. Менің білім жолындағы сапарым – қарапайым қазақ баласының табандылықпен қалай биікке ұмтылғанының бір мысалы болса екен деймін. Осы шағын әңгімем арқылы білім қуып жүрген жастарға ой салып, шабыт бере алсам – мақсатымның орындалғаны. Мен қазіргі таңда АҚШ-тың Техас штатындағы Техас A&M университетінде ғылыми қызметкер болып еңбек етіп, білімімді де шыңдап жүрмін. Бұл жолға бірден түсе қойғаным жоқ. Барлығы Назарбаев университетіндегі студенттік шағымнан басталды. Оқуымды тәмамдаған соң, туған қалам Атырауға оралып, мұнай саласына қызметке орналасуыма болар еді, алайда мен ғылым жолын таңдадым.
Жалғасы газеттің №31 (4244) санында
Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ