Қазақстан – халықаралық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің халықаралық аренадағы орны мен рөліне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан жаһандық деңгейде өзекті саналатын мәселелерді шешуге белсене араласып, өз үлесін қосып келеді. Бұл – еліміздің бейбітсүйгіш, конструктивті сыртқы саясатының нақты нәтижесі.

Қазақстанның көтерген бастамалары мен ұстанымдары әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып келеді. Бұл еліміздің халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Алыс-жақын елдердің Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға мүдделі болуы – сенім мен өзара құрметке негізделген ынтымақтастықтың айқын белгісі. Осындай серіктестікті нығайту арқылы еліміз тек халықаралық беделін көтеріп қана қоймай, ұлттық мүдделерді де тиімді қорғай алады.

Сонымен қатар, бұл бағыт – еліміздің ішкі тұрақтылығы мен экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Қазақстан – тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігінде сенімді және болжамды серіктес ретінде танылып отыр. Сондықтан мемлекетіміз алдағы уақытта да халықаралық ұйымдармен және шетелдік әріптестермен сындарлы диалог пен ынтымақтастықты жалғастыра береді.

Бұл – еліміздің болашағы үшін маңызды стратегиялық жол.

 

Ерлан МАХСОТОВ,

Жанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT