Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық инвестициялық әріптестік – тұрақты дамудың кепілі

 

Президенттің Жолдауында айтылған маңызды жайттардың бірі – Қытай Халық Республикасына жасалған ресми сапар барысында әлемдік деңгейдегі жетекші компаниялармен жасалған ауқымды келісімдер. Бұл келісімдер тек екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтып қана қоймай, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Көптеген миллиардтаған қаржыға бағаланған инвестициялық жобалар – еліміздің экономикасы үшін үлкен серпін. Мұндай жобалар отандық өндіріс пен технология саласын дамытуға, инновацияны енгізуге және жалпы экономикалық өсімді жеделдетуге бағытталады. Әсіресе, шетелдік алпауыт компаниялардың елімізге келуі жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың табысын арттыруға ықпал етеді. Бұл – әлеуметтік тұрақтылықтың берік іргетасы.

Сонымен қатар, инвестициялық әріптестік арқылы Қазақстан алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізіп, өндіріс мәдениетін жаңа деңгейге шығара алады. Бұл біздің өндірістік қуатымызды арттырып, экспорт көлемін көбейтуге мүмкіндік береді.

Осы орайда, Үкімет пен тиісті министрліктердің басты міндеті – қол қойылған келісімдердің нақты жүзеге асуын тиімді бақылау және әкімшілік кедергілерді жою. Себебі бұл келісімдер – еліміздің стратегиялық даму жолында жасалған аса маңызды қадам.

Қазақстан мен Қытай арасындағы осындай инвестициялық әріптестік – тұрақты дамудың, экономикалық жаңғырудың және халық игілігіне бағытталған нақты жұмыстардың көрінісі.

 

Ринат ЕСҚАЛИ,

Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT