Мемлекет басшысының «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін ресми іске қосуы – еліміздің көлік-логистика саласындағы айтулы қадам. Президент атап өткендей, бұл тек инфрақұрылымдық жоба емес, Қазақстанды транзиттік орталыққа айналдыратын стратегиялық бастама.
Бүгінгі таңда әлемдік сауда мен экономиканың басты артериялары – жолдар. Ұлы Жібек жолының тарихи миссиясын ХХІ ғасырда жаңа мазмұнда жалғастыру – Қазақстан үшін зор мүмкіндік. «Достық – Мойынты» желісінің екінші тармағы Қытай мен Еуропа арасындағы алтын көпірді нығайтып, елімізді халықаралық сауда дәлізіндегі шешуші буынға айналдырады.
Бұл жоба тек экономикаға ғана емес, елдің геосаяси салмағына да әсер етпек. Қытаймен арадағы стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп, аймақтық және жаһандық байланыстарда Қазақстанның рөлі артады. Ең бастысы – бұл бастама ел азаматтарына жаңа жұмыс орындарын, бизнеске тың мүмкіндіктерді, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.
Президенттің сөзінше, көлік-логистика – экономиканың қозғаушы күші. Демек, «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі – Қазақстанның болашақтағы ірі жетістіктерінің темір қазығы болмақ.
Біздің Аққыстау стансасы үшін де бұл жаңалықтың маңызы ерекше. Себебі жаңа желі арқылы жүк айналымы ұлғайып, пойыз қозғалысының қарқыны артады. Демек, стансамыздың өндірістік қуаты күшейіп, көрсетілетін қызметтің ауқымы да кеңеймек. Бұл – біздің ұжымға жаңа мүмкіндіктермен қатар үлкен жауапкершілік жүктейді.
Президент айтқандай, көлік-логистика – экономиканың қозғаушы күші. «Достық – Мойынты» желісінің екінші тармағы – осы сөздің айқын дәлелі. Қытай мен Еуропаны жалғап жатқан алтын көпір – біздің жеріміз арқылы өтуі әр теміржолшы үшін мақтаныш әрі зор сенім.
Осы игі істің басы-қасында жүрген сала ардагерлеріне және бүгінгі күні еңбек етіп жүрген әріптестеріме алғыс білдіремін. Жаңа желінің іске қосылуы – бәріміздің ортақ жетістігіміз.
Алдағы уақытта Аққыстау стансасының еңбек ұжымы да жүктелген міндетті абыроймен атқарып, еліміздің көлік-логистика жүйесінің дамуына өз үлесін қоса беретініне сенімдімін.
Кушкимбаева Гульнар Жагпаровна
Аққыстау стансасының басшысы