Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді серіктестігі

 

Президенттің Жолдауында айтылғандай, еліміз қазіргі таңда маңызды халықаралық проблемаларды шешуге өз үлесін қосып, әлемдік қауымдастықтағы орнын айқын әрі нық көрсетіп келеді. Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдап, конструктивті ұстаным танытып келеді.

Мемлекетіміз алыс-жақын шет елдермен сенімді әрі тең құқықты серіктестік орнатуға ұмтылып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды басты мақсаттарының бірі етіп отыр. Бұл – еліміздің ашық, бейбітсүйгіш саясатының, әрі көпвекторлы дипломатиялық ұстанымының нақты көрінісі.

Бүгінде Қазақстан әлем елдерімен саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени бағыттарда өзара тиімді байланыс орнатып, халықаралық ұйымдар аясында да белсенді жұмыс істеуде. Тұрақты даму, қауіпсіздік, жасыл экономика, ядролық қарусыздану, азық-түлік қауіпсіздігі сияқты жаһандық маңызы бар мәселелер бойынша еліміздің ұстанымы халықаралық деңгейде жоғары бағаланып келеді.

Мұндай бағытты ұстану – Қазақстанның халықаралық беделін арттырып қана қоймай, еліміздің ішкі дамуына да серпін береді. Өзара қолдауға, сенімге негізделген байланыстар – елдің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының кепілі.

 

Асылан ҒҰБАШ,

Исатай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT