Жаһандық үрдістердің ықпалымен сирек кездесетін металдар мен ерекше қажетті материалдардың стратегиялық маңызы күннен-күнге артып келеді. Бұл элементтер – жоғары технологиялы құрылғылар, жасыл энергетика, қорғаныс өнеркәсібі мен цифрлық инфрақұрылым үшін таптырмас шикізат көзі.
Қазақстан дәл осы бағытта үлкен артықшылықтарға ие елдердің бірі. Табиғи байлықтарымыздың мол қоры мен геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуымыз біздің осы салада өз орнымызды нығайтып, әлемдік нарыққа белсенді қатысуымызға мүмкіндік береді.
Осы ресурстарды тиімді пайдалану – ел экономикасының жаңа деңгейге шығуына ықпал етеді. Тиісті өңдеу технологияларын енгізу, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қолдау арқылы Қазақстан өз өнімдерін жоғары қосылған құнмен шетелге экспорттай алады. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестициялар тартуға және экономиканы әртараптандыруға жол ашады. Сондықтан сирек металдар саласын дамыту – еліміздің болашағы үшін аса маңызды стратегиялық міндеттердің бірі.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі

