Еліміздің географиялық орналасуы Еуропа мен Азия құрлықтарының түйіскен тұсында орналасқандықтан, Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникация бағыттарында маңызды көпір ретінде танытады. Мұндай қолайлы орналасу әлемдік сауда үшін стратегиялық маңызға ие, себебі еліміздің аумағы арқылы бірқатар ірі халықаралық транзиттік дәліздер өтеді. Өткен жылы жүк тасымалдау көлемінің 1 миллиард тоннадан асуы – осы мүмкіндіктің нақты көрсеткіші. Бұл көрсеткіш Қазақстанның транзиттік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқанын дәлелдейді.
Алайда, транзиттік ағынды бұдан да тиімді пайдалану үшін қосымша инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, логистикалық қызметтерді жетілдіру және кедендік рәсімдерді одан әрі оңтайландыру қажет. Теміржол, автожол, әуе және су көлігі бағыттарында жаңа мүмкіндіктер ашу, заманауи логистикалық орталықтар салу, цифрлық басқару жүйелерін енгізу арқылы Қазақстан халықаралық көлік жүйесінде өзінің бәсекелестік артықшылықтарын күшейте алады.
Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жетілдіру ел экономикасына айтарлықтай қосымша табыс әкелетіні сөзсіз. Сонымен бірге, транзиттік қызметтердің сапасын арттыру мен бағыттардың тартымдылығын күшейту халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп, Қазақстанды аймақтық логистикалық хабқа айналдыруға мүмкіндік береді.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі


