Кедергісіз тасымал — экономикалық өсім кепілі

 

Еліміздің аумағында кедергісіз тасымалдау жүйесін қалыптастыру – ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен халықаралық саудадағы беделімізді арттырудың маңызды тетігі. Әсіресе, транзиттік тасымалдардың «жасыл дәліз» қағидасына сәйкес тосқауылсыз жүзеге асырылуы – логистика саласындағы үлкен жетістік болмақ. Мұндай жүйе арқылы жүктердің жылдам әрі қауіпсіз өтуі қамтамасыз етіліп, тасымалдаушылар мен серіктес елдерге қолайлы жағдай жасалады.

Бұл Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін барынша тиімді пайдалануға жол ашады. Халықаралық бағыттар бойынша жүк айналымының артуы еліміздің бюджетіне елеулі кіріс әкеліп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етеді. Сонымен қатар, шекаралық және кедендік бақылау процестерін автоматтандыру, цифрландыру – тасымал барысын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді.

Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, инфрақұрылымды дамыту, заңнамалық базаны жетілдіру, цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу – ел мүддесі үшін аса маңызды қадам болмақ.

 

Асқар АБУОВ,

Нарын ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT