Келін боп Дина түскен жер (жолжазба)

Айбас - жайылысы мол, жерасты суы тұщы, шаруаға жайлы қоныс ғана емес, ерлік пен өнердің мекені, терең тарихтың куәсі. Айбас бұл – Исатай-Махамбеттің ат тұяғы тиген, Құрманғазы мен Динаның күй ойнаған қасиетті Нарынның бір бөлігі. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін әкімшілік басқару жүйесі - болыстық атқару комитеті құрылғанда, оған Айбас атауы берілген. Кейін колхоздарды біріктірген ауылдық кеңес болды. Чапаев атындағы совхоздың ірі қара мал фермасының орталығына айналды.

Бүгінде Айбастың басында 20-25 малшы қыстағы орналасқан, аралары бір-бірінен 3-4 км, кейбіреулері 7-8 км қашықтықта. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының аумағымен шектеседі.

«Азаматына қарап, ауылын таңы» дегендей, Телжан Макаримов, Ғапу Есенғалиев, Бақтығали Ибрашев, Таңатар Сабиров, Шайдолла Каримов, Айболат Сатаев, Базарбай Сабиев, Есенгелді Жұбаев, Омар Қарақойшиев, Төребек Қайырлиев, Темір Әжігереев, Мырзабек Біләловтер мал шаруашылығын дамытуға үлес қосқан әкелерінің аманатын ақтап, даладан риздық теріп отыр.

Айбастың қариялары да өнегелі. Күш-жігерін осы өңірдің адамдарының денсаулығын сақтауға арнаған қарт фельдшер Темірхан Құбаханов жасы сексенге келсе де әлі тың. Малды кәсіп еткен балаларының қасында ақылшы...

Материалдың жалғасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT