«Келісе пішкен тон келте болмайды»

 

Соңғы жылдары шетелге барып, уақытша маусымдық жұмыс істеу қомақты табыс табудың тиімді жолдарының біріне айналып отыр. Жаңа орта, жақсы жалақы, заңдастырылған еңбек – көпшілікті қызықтыратыны да осы. Алайда, арман қуып, шетелге кеткен азаматтардың бәрі бірдей оң тәжірибе алып жатқан жоқ. Бірі келісім шартсыз жұмыс істесе, енді бірі уәде етілген жалақысын ала алмай жүр. Осыған орай Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл мәселеге арнайы тоқталып, Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек құқықтары сақталуы тиіс екенін баса айтты. 

– Оларға жалақы төленбеген, медициналық қызмет көрсетілмеген, келісімшарттар өрескел бұзылған фактілерді білеміз. Сондықтан қазір тиісті үкіметаралық келісімдер жасасу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде шетелде азаматтарымызды жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктердің жұмысын жүйелеу қажет. Қазақстан азаматтары келісімшарт бойынша сенімді кепілдіктер алуы тиіс, - деді Премьер-министр.

Осы ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кешенді шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл бір жағынан ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екінші жағынан еңбек миграциясын заңдастырудың нақты қадамы. Ал өңірлік деңгейде бұл бастама қалай жүзеге асып жатыр? Әрине, «Келісе пішкен тон келте болмайды» деген. Атап айтқанда, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап аудандық Мансап орталығы шетелге жұмыс істеуге ниетті азаматтарға бағыт-бағдар беріп, нақты кеңес ұсынып келеді. Соның ішінде әлеуметтік желіде көп талқыланған, Ұлыбританияға маусымдық жұмыс бағдарламасы ерекше сұранысқа ие болып отыр. Бұл жөнінде біз Атырау облысы бойынша Еңбек мобильді орталығы КММ-нің Исатай ауданындағы Мансап орталығы филиалының маманы Әсел Мұратовамен сөйлестік.

МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Маманның айтуынша, бұл кеңес беру бағытындағы жұмыстар облыс көлемінде 2025 жылдың қаңтар айынан бастап жүйелі түрде қолға алынған. Дегенмен осы уақыт аралығында Исатай ауданы тұрғындары тарапынан бағдарламаға қызығушылық танытқандар саны әлі де аз. Мақаланың негізгі мақсаты – аудан жұртшылығына ақпараттық қолдау көрсетіп, шетелде маусымдық жұмыс істеудің мүмкіндіктері жайлы кеңінен хабардар ету.

 

 

Ұлыбританиядағы бұл мау-сымдық жұмыс бағдарламасы негізінен ауыл шаруашылығы саласына бағытталған. Атап айтқанда, жеміс-жидек теру, гүл жинау, көкөніс сұрыптау сынды маусымдық жұмыстарды қамтиды. Жұмыс мерзімі 3 айдан 6 айға дейін жалғасады. Ең бастысы – келісімшарт ресми түрде Ұлыбритания үкіметі лицензия берген сенімді операторлар арқылы рәсімделеді. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге арнайы Seasonal Worker visa (маусымдық жұмыс визасы) рәсімдеу қажет. Бұл визаға өтініш беру кезінде жұмыс берушіден ресми шақырту хаты болуы міндетті. Сонымен қатар визалық төлем мөлшері – 298 фунт стерлинг. Бұған қоса, кейбір визалық орталықтар қосымша қызмет ақысын да талап етуі мүмкін.

 

Жалғасы газеттің №29 (4242) санында

 

Еркебұлан УАЛИТХАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT