Кешіктірілген несиеге өсімақы есептелген жоқ

Жыл басында елімізде орын алған оқиғаға байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 2022 жылдың 5-ші және 19-қаңтары аралығында Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды.

Осыған байланысты облыс көлемінде кәсіпкерлік нысандар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банк секторларының жұмыстарында қиындықтар болды.

Банк тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерінде қандай да бір қиындық болса, басты кезекте зардап шегетіндер – банкке берешегі бар азаматтар. Төтенше жағдай кезінде банк секторларының жұмысында қиындық туындауына байланысты берешегі бар азаматтарға қандай жеңілдіктер қарастырылған, уақытынан кешіктірілген төлемдер үшін өсімақы жүрді ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білмек болып, Исатай аудандық «Халық банк» басқармасының басшысы Арай Сахыповамен тілдесіп мән-жайды білдік.

- Төтенше жағдай енгізлген күндерге берешегі бар азаматтар үшін ешқандай өсімақы қосылмады. Өсімақы 19 қаңтар сағат 00:00-ден кейін ғана есептелді. Бірақ өсімақыға ешбір азамат ілікпеді. Төтенше жағдайға байланысты қаңтар айының 6-8-і аралығында банк өз жұмысын тоқтатты. Әйтседе, осы 3 күн аралығында аудан көлеміндегі банкоматтар ақшамен толықтай қамтамасыз етілді. 10-шы қаңтардан бастап банк жүйелі түрде өз жұмысын қайта бастады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы күні ішкі істер органдарының қызметкерлері банк бөлімшесін қарауға алды. Банк тарапынан зейнетақы, жалақы және әлеуметтік төлемдерден ешқандай кідіріс болмай, 5-6 қаңтар күні аралығында толықтай аударылды. Халықты ақша алу жағынан да қамтамасыз еттік. Тұрғындарға қажет соманы толықтай шығарып алуға мүмкіндік жасалды, - дейді басқарма басшысы.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT