КЕЗДЕСУДІҢ ӨЗЕГІ –БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҮСІНІСТІК

суреттер автордікі

 

Қоғамдағы татулық пен өзара түсіністік – ел дамуының басты кепілі. Осы бағытта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Елдесу мен татуласу» жобасы халық арасында бейбіт өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға, дау-жанжалдарды алдын ала шешуге бағытталған тиімді бастамалардың бірі деп айтуға негіз бар.  Міне, осы мақсатта таяуда ғана аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Елдесу мен татуласу» жобасы аясында кездесу өтті. 

Мұндағы мақсат –ұлттық салт-дәстүрге негізделген кешірім мен келісім үлгісін кеңінен насихаттау. Аталған кездесуге облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының  Этномедиация кеңесі төрағасының орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі  Кеңес Қосыбаев, облыстық ҚХА медиация, ғылыми-сараптамалық және талдау бөлімінің этномедиация орталығының бас сарапшысы, кәсіби медиатор Гүлнафис Жармуханбетова  және де  этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас сарапшысы Айнұр Халимова арнайы келді.

 

 

Сонымен қатар бұл іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, ауыл тұрғыны  – Зелимхан Зубариев пен қоғамдық медиаторлар  Гүлбану Кабулова, Ерболат Насимуллин, аудан прокурорының орынбасары Жақсылық Сикимов, ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, аудан жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде кәсіби медиаторлар мен сала мамандары тұрғындарға дау-дамайды сотқа жеткізбей шешудің жолдарын түсіндіріп, нақты тәжірибелермен бөлісті. Жиын барысында ауыл ақсақалы Зелимхан Зубариев қоғамдық келісім мен этносаралық татулықтың маңыздылығы жөнінде тағылымды ой қозғады.

 

 

– Қазақ халқының қанына сіңген кешірімділік пен келісім мәдениеті – бүгінгі бірлік пен бейбіт өміріміздің негізі. «Елдесу мен татуласу» жобасы да сол рухани дәстүрдің жалғасы. Біздің міндетіміз жастарға осы құндылықтарды үйретіп, бірлік пен сыйластықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу,-деді ол өз сөзінде.

Ал осы кезекте Кеңес Қосыбаев жобаның тәрбиелік мәніне тоқталып, кеңінен арқатты.

 – Мұндай кездесулер – ел ішіндегі береке мен ынтымақты арттырады. Ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтар осындай диалог арқылы бекемделеді,-деп атап өтті.

 

 

Кездесу соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, мұндай іс-шаралардың қоғамдағы тұрақтылық пен ынтымақты сақтау үшін маңызы зор екенін жеткізді.

Аталған  жоба  – тек бір күндік шара емес, ол ел ішіндегі келісім мен жарасымды қатынастарды нығайтатын, ұлттық болмысқа сүйенген берік негіз. Ауданымызда өткізілген бұл кездесудің жалғасын әлі де таба бермек.

 

 

 

Сағыныш ҚАЙЫР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT