Кезектен тыс конференцияда жаңа төраға сайланды

Өткен  аптада «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс  XIVII  концеренциясы өтіп, оған 9 бастауыш  партия ұйымынан сайланған 45 делегет, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия  ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен БАҚ өкілі  және «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Конференция жұмысын «Amanat» партиясының Исатай аудандық филиалының  атқарушы хатшысы Едіге Досқалиев ашып жүргізді. Күн тәртібі бойынша конференция-да үш мәселе қаралды.Атап айтқанда, «AMANAT» партия-сы қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы төрағасы лауазымына кандидатура ұсыну туралы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалынан №6, №10 сайлау округтері бойынша аудандық мәслихаты депутаттығына кандидатуралар ұсыну, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі  мүшелері құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясының  аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі  Жансих Маштахов  ұсыныс енгізді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша делегат Лиза  Мутянова делегаттардың тізімімен таныстырды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Едіге Досқалиев  аудандық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына енгізілген өзгерістерді атап өтті.

Осылайша конференцияның күн тәртібіндегі барлық сұрақтар толық қаралып, дауысқа салу барысында да барлық делегаттар бірауыздан қолдау білдіріп, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы төрағасы лауазымына Досқалиев Едіге Амангелдіұлы сайланды. Сонымен қатар, аудандық мәслихаты депутаттығына «AMANAT» партиясы аудандық филиалынан №6, №10 сайлау округтері бойынша өтетін сайлауға Қабиев Жеңісбек Қисапұлы және Досқалиев Едіге Амангелдіұлының кандидатурасы ұсынылып, тиісті қаулылар қабылданды.

          

Сағыныш ҚАЙЫР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT