Исатай аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIII сессиясы болып өтті.
Мәслихаттың тоғыз депутаты түгел бас қосқан сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Б.Сисатов, аудандық мекемелер басшылары қатысты.
Күн тәртібінде қойылған негізгі мәселе «Исатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рашид Мұқанов хабарлама жасады.
Сондай-ақ сессияда аудандық мәслихаттың бұрынғы төрт шешіміне өзгерістер енгізу, бір комиссия құрамын бекіту және «Исатай ауданының Құрметті азаматы» атағы туралы мәселелер де қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жоламан ДӘУЛЕТИЯР