Х.Ерғалиев ауылдық кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай өткен дәстүрлі «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Х.Ерғалиев ауылдық кітапханасы оқырмандар сыйға тартқан жаңа кітаптармен толықты.

«Кітап-өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес» деп С.Қожамқұлов айтқандай, болашақтың құрылысшыларын өмірге тәрбиелеудегі кітаптың алатын орны зор. Бұл ретте жас кезінен кітап оқып, егде жасқа жеткенде қазіргі жастарды осы әдетке үгіттеп, тәрбиелеп, өздерінің ойлары мен пікірлерін кітаптар арқылы жеткізіп жүрген мақтан тұтар ағаларымыз баршылық.

Солардың бірі - кезінде ауданымыздың басшысы болған, оның экономикасы мен әлеуметтік салаларын дамытуға үлкен үлес қосып, бүгінде зейнеткерлік демалысқа шығып, Атырау қаласында тұрып жатқан Сүйнешов Зұлбұхар Мақсотұлы ағамыз. Жақында Зұлбұхар аға ауылымызға ат басын тіреп, осындағы Х.Ерғалиев музейінде болды, жаңа экспонаттармен танысты. Сол сапарда ауылдық кітапхана қорына өзінің «Менің заманым», «Өмір иірімдері» («Арыс» баспасынан шыққан), «Жадымда жатталған жандар» («Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасынан шыққан) кітаптарынан 7 дана кітапты табыс етті.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Атырау қаласында тұратын зейнеткерлік демалыстағы жерлесіміз Ризуанов Қатимолла ағамыз да кітапхана қорына 8 дана кітапты сыйға берді.

Ауылдық кітапхана оқырмандары атынан ағаларымызға үлкен ризашылығымызды білдіріп, өзгелерге өнеге болар істерін ауылдастармен бөлісуді ойладық.

 

 

Айгүл АХАТОВА,

Х.Ерғалиев ауылдық кітапхана меңгерушісі 

                                                                                                                                                             

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521