Х.Ерғалиев ауылында ақынға арналған жыр мүшәйрасы өтті

Х.Ерғалиев музейінде Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтың 104 жасқа толуына орай «Шабыты шалқыған ақын» оқушылар мүшәйрасы өтті.

Қамысқала ауылдық мәдениет үйі, Х.Ерғалиев атындағы ауылдық кітапхана, музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын құрметіне өткен мүшәйраға Ғ.Мәсәлімов пен Новобогат атындағы орта мектеп оқушылары қатысты.

2

Мүшәйра 4 бөлімнен тұрды. 1-бөлімде оқушылар өздерін таныстырды. Сайыстың 2-3-кезеңдерінде қатысушылар ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқып, Хамаңа арнаған өз туындыларын да ұсынды. 4-бөлімде сұрақ-жауапқа кезек берілді.

Шараға Альбина Асылбекқызы, Кәусар Асылжанқызы, Ақбөбек Жаңабайқызы, Кәусар Айбекқызы және Балбөбек Қайырлиева өз белсенділіктерін көрсетті. Сайыскерлерге қатысқандары үшін алғыс хаттар мен ақынның жыр жинағы сыйға берілді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз