Х.Ерғалиев ауылында жаңа ойын алаңы ашылды

«Х.Ерғалиев ауылындағы И.Жұбанов атындағы көшеде кіші аяқдоп және балалар ойын алаңдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді» деп хабарлайды «Нарын таңы».


Ашық алаң шағын футбол және балалар ойын алаңы болып екі бөлікке бөлінген. Балаларға арналып әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, төбесі жабылған ойын құрылғылары орнатылған. Алдымен халықты осы  қуанышты сәтімен аудандық мәслихат депутаты Жәнібек Ещанов пен ауыл әкімі Рафиғат Тажиденова  құттықтап, Жәнібек Ещанов пен  көше тұрғыны, ардагер ана Ағилаш Сисенбекова жаңа алаңның лентасын қиды. Бұдан кейін қуанышқа ортақтасып келген аналар шашу шашты.
-Ауылда балаларымыз бен немерелерімізге арнап салынған ойын алаңының тұсауы кесілді, өте ризамыз. Тұрғындардың атынан алғысымды айта отырып, осындай жақсы істердің куәсі бола берейік деген тілегімді білдіремін. Атсалысқан азаматтарға көптен-көп рахмет. Енді, балалар мен жасөспірімдер өздеріне арнап салынған алаңды бұзбай, көздің қарашығындай сақтап, дұрыс пайдаланады деген сенімдеміз,-деп Победа Жұбатқалиев есімді ақсақал өз ойын білдірді. Сонымен қатар шарада  ақ пен бауырсақ ұсынылып, тұрғындар атынан және мердігер жеке кәсіпкер «Ищангалиева» атынан балаларға тәттілер таратылды.

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT