Халық қалаулылары Исатай ауданына тыныс алу аппараттарын табыстады

Бүгін Атырау облыстық мәслихатының депутаты Елубай Сапаров Исатай ауданында болып, аудандық провизорлық стационардың жай-күйімен танысты.

Стационар мамандарымен жүздескен облыстық мәслихат депутаты әріптестерінің ыстық сәлемін жолдап, халық қалаулыларының атынан қазіргі уақытта науқастарға аса қажетті құрылғы оттегі концентраторы аппаратының 2 данасын табыс етті.

8

- Күні кеше Президентіміз Қ.Тоқаев ауылдық жерлерге оттегі концентраторын жеткізуге атсалысуды тапсырған болатын. Осыған орай Атырау облыстық мәслихатының депутаттары бастама көтеріп, бір жағынан ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Б.Ізмұхамбетов және облысымыздан сайланған сенатор Ғұмар Исламұлы қолдау білдіріп, осы аппараттар аймақтағы 7 ауданның әрқайсысына екеу, үшеуден таратылуда. Қазір екі тыныс алу аппаратын Исатай ауданындағы провизорлық стационарға облыстық мәслихат депутаттарының атынан табыс еткелі тұрмыз. Бұл аппараттар Түркия елінен Алматы қаласы арқылы 5 күннің ішінде жеткізіліп отыр. Тағы бір айта кетеріміз, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Б.Ізмұхамбетов өзі де демеушілік жасап құрылғылардың Исатай, Махамбет, Құрманғазы аудандарына жетуін аманаттады, - деді халық қалаулысы.

Аталған аппараттардың науқастардың қажетіне жарап, олардың сырқатынан айығуына септігін тигізуін тілеген ол індетпен күресте күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жатқан дәрігерлер қауымына шын ризашылығын білдірді.

1

– Соңғы күндері Исатай ауданындағы науқастардың азаюы, тіпті, соңғы 2 күнде мүлдем тіркелмеуі көңіл қуантады. Бұл - аудан басшыларының, дәрігерлердің нәтижелі жұмыстарының жемісі деп білеміз, - деді Елубай Сапаров.

Одан әрі ол мамандар арқылы аудандық аурухананың қазіргі күйімен танысты. Аудандық провизорлық стационардың анестезиолог-реаниматологі Сержан Сандыбаев жағдайдың тұрақты екендігін айтып, мұқтаждықтарын да жасырмады. Оның айтуынша, 20 орындық стационардағы кереуеттердің ішінде аса ауыр жағдайдағы науқастарға арналған бірде-бір реанимациялық функционалды кереует жоқ екен. Жағдайды білген Елубай Сапаров бұл кереуетті алып беруге уәде етті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521