Исатай ауданының Құрметті азаматы, Аққыстау селосының тұрғыны Боранбай Халидуллин аудан әкімінің сайлауынан үлкен өзгерістер күтеді.
–Елімізде мұндай маңызды оқиға тұңғыш рет өтекізілуде. Ең бастысы, біз өзіміздің қалаған үміткерімізге даусымызды бердік. Халық сайлаған әкімнен үлкен үміт күтеміз. Ауданның экономикасын, әлеуметтік жағдайларын, қала берді, ішкі инфрақұрылымды қалыпқа келтіріп, халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істейді деп сенемін. Мен бұл сайлаудан үлкен өзгеріс күтемін,-дейді мұнай саласының ардагері Боранбай Халидуллин.
А. Сабырова