Бүгін Қамысқала ауылдық округіндегі Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №128 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары белсенді түрде өз таңдауларын жасап, ел болашағына өз үлестерін қосуда. Солардың қатарында осы мектептің медицина қызметкері, өз ісіне адал маман – Нұрбике Әбенова да бар.
Көп жылдан бері білім ордасында балалардың саулығын қадағалап, алғашқы медициналық көмекті көрсетіп келе жатқан Нұрбике Нұржанқызы ауылдағы денсаулық сақтау ісінің жауапты өкілдерінің бірі саналады. Ол сайлау күні ертемен келіп, дауыс берушілердің қатарынан табылды.

– Бұл сайлау – ауылымыздың болашағына сеніммен қарайтын сәт. Әр азаматтың дауысы ел дамуындағы маңызды үлес болып табылады. Сондықтан барша ауылдастарымды азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауын жасауға шақырамын, – деді медицина қызметкері Нұрбике Әбенова.
Қамысқала ауылдық округінде 2338 сайлаушы тіркелген. Таңертеңгі уақыттан-ақ тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда. Ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық борышын орындаған тұрғындардың белсенділігі саяси мәдениеттің жоғары екенін көрсетеді.
Нұрбике Нұржанқызының өз ісіне деген адалдығы мен қоғам өміріне белсенді қатысуы – ауыл жастары мен әріптестеріне үлгі. Ол үшін сайлау тек бір күндік науқан емес, туған жерінің келешегіне қосқан нақты үлес.
Мемлекет үшін маңызды саяси шарада белсенділік танытқан осындай жандар – ауыл рухын көтеріп, қоғамда отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыратын тұлғалар.
Е.ЗИНЕДЕН


