ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ –БАСТЫ НАЗАРДА

Аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынің бірлесіп ұйымдастыруымен  семинар өткізілді.

Онда  аудандық санитариялық-эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Бақытгүл Қартмағанбетова тамақтан уланудың алдын алу, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламамттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндіре келіп, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Кодексінің 114- бабы  4 -тармақшасына сәйкес тамақтан уланудың алдын алу мақсатында тамақтану субьектісімен өзара іс-қимыл туралы келісімшартқа отыру туралы әңгіме өрбітті. Келісімнің негізгі мәні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Мәселен, оған тағамдағы микробиологиялық және санитарлық-гигиеналық көрсеткіштерге қауіпсіздігін анықтау, микробиологиялық зерттеуге шайынды және жұмыс аймағындағы немесе ауасындағы зиянды заттардың микроклиматтық, физикалық факторлардың жол берілетін деңгейі мен дезинфекциялық құрылғының концентрациясын зерттеу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кез келген тараппен ұйымдасқан семинар, бизнес форум, ашық есік т.б. іс-шараларға қатысу арқылы тараптардың тиісті қызмет саласында жинақталған тәжірибе және білім алмасу, тараптармен келісілген кез келген басқа да ынтымақтастық түрлері жатады.

Сондай-ақ басқарма басшысының айтуынша, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асырып жатқан қызметтеріне байланысты Кодекстің 90-бабының 4 тармағына сәйкес осы санитариялық қағидаларда көрсетілген талаптарға сай өндірістік бақылауды жүзеге асыруларға міндетті көрінеді. Ал өндірістік бақылау өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орындайтын іс-шаралар мен зертханалық зерттеулер мен сынақтар бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521