Халықтың сенімі бізге күш береді - Е.Қошанов

Е.Қошанов:  

«AMANAT» дегенде ойға не оралады?

«AMANAT» – бұл еліміздегі ең ірі, ықпалды саяси күш. «AMANAT» дегеніміз – 800 мың партияластар.

«AMANAT» дегеніміз – 2,5 мың мәслихат депутаттары. Бүгінгі таңда әр облыста, әр қала мен ауданда партия бөлімшелеріміз бар. Әр елдімекенде бастауыш ұйым жұмыс істейді. Біз әрдайым елмен біргеміз. Елдің қалың ортасында жүрміз. Халықтың сенімі бізге күш береді. Сол сенімнің арқасында, өткен сайлауда Мәжілісте де, мәслихаттарда да басым дауысқа ие болдық. Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсындық. Министрлерді тағайындадық. Мәслихаттағы фракцияларымыз облыстар мен мегаполистердің әкімдерін тағайындады. Бір сөзбен айтқанда, «AMANAT» зор абырой мен орасан жауапкершілік дегенді білдіреді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521