Халық өз таңдауын жасайды

Атом электр стансасын салу бойынша жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтеді. Күні кеше Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы барысында Президент осындай мәлімдеме жасаған болатын. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

Энергетикалық саясатты шахмат ойынына баласақ, бұл жерде әрбір фигура маңызды. Қолда бар көмір, жел, су, күн және газдан қайнар алатын стансалар елдегі энергетикалық тапшылықты шешуге сеп. Бірақ қуат көзіне стратегиялық тәуелділік мәселесін шешіп беретін ферзі көзір болса, ол - атом энергиясы.

Бұл Жолдаудың басты жаңалығы бәлки осы да болар, Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық таңдаудың күнін атады.

-Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр станциясы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Меніңше, әртүрлі пікірлер ескерілуі керек, әртүрлі пікірлер болады. Жақтайтындар болады, жақтамайтындар болады. Оң немесе теріс шешімді қабылдау ол ертең референдумда іске асады деп ойлаймын. Халық өзінің таңдауын жасауы керек. Иә, Президентіміз айтқанындай, референдумға бүкіл қазақстандықтар болып, біркісідей атсалысамыз деген ойдамыз.

                                                                                             

Боранбай ХАЛИДУЛЛИН,

ауданның

Құрметті азаматы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521